Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турниріне БАҚ аккредитациясы
2–5 ақпан аралығында Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді. Кубок үшін Ресейдің U16, Беларусь U18 және Қазақстанның U18 жасөспірімдер құрамалары тартысқа түседі. Сонымен қатар жарысқа Ресейдің қыздар құрамасы да қатысады. Командалар бұған дейін қараша айында Минск қаласында өткен Президенттік спорт клубы кубогі аясында кездескен болатын. Сондай-ақ Eurasia Jastar Cup аясында 3х3 форматындағы турнир де ұйымдастырылады.
2026 жылғы 2 ақпан:
15:00 – Ресей U16 – Ресей қыз.
19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18
2026 жылғы 3 ақпан:
15:00 - Беларусь U18 – Ресей U16
19:00 - Қазақстан U18 - Ресей қыз.
2026 жылғы 4 ақпан, 3х3 турнирі:
13:00 - Қазақстан U18 - Ресей жен.
13:50 - Ресей U16 - Беларусь U18
14:40 – 3-орынды анықтайтын матч
15:30 – Финал
2026 жылғы 5 ақпан:
15:00 - Беларусь U18 - Ресей жен.
19:00 - Қазақстан U18 - Ресей U16
*қазақстандық уақыт бойынша
Турнирдің ашылу салтанаты және салтанатты шайба тастау рәсімі 2 ақпанда Қазақстан U18 – Беларусь U18 матчының алдында өтеді.
Барлық матчтар «Барыс Арена» Б блогында өтеді, кіру тегін.
Турнирге аккредитациядан өту үшін сілтеме арқылы форманы толтырыңыз – https://icehockey.kz/ru/akkreditaciya/. Өтінімдер 30 қаңтар, сағат 14:00-ге дейін қабылданады.
Сб.Казахстана
Сб.России
Сб. Беларуси
Сб.России (Ж)