Parimatch Qazaqstan Hockey Open 2021

5 aqpan
550

10 және 13 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда алғаш рет «Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» халықаралық хоккей турнирі өтеді. Біріншілікке Қазақстан, Ресей мен Беларусь құрамалары қатысады.

Турнир 2021 жылдың 21 мамыры мен 06 маусымы аралығында өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты алдындағы бақылау-матчтық кездесулер аясында өтпекші.

Бастапқыда «Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» турниріне төрт команда қатысады деп жоспарланды, алайда әлемдегі ахуалға байланысты құрамалардың бірі келе алмайтындықтан Қазақстан екі команда ұсынады. Екінші құрама көрнекі матчтар өткізеді.

Турнир кестесі:

10 ақпан, 19:30 Беларусь – Қазақстан

11 ақпан, 19:30 Ресей – Беларусь

12 ақпан, 15:00 Қазақстан 2 – Беларусь (Көрнекі матч)

12 ақпан, 19:30 Қазақстан – Ресей

13 ақпан, 17:00 Ресей - Қазақстан 2 (Көрнекі матч)

Турнирге аккредиттеу туралы ақпарат сәлден соң жарияланады.