Ресей – Беларусь матчынан кейінгі бас бапкерлердің пікірлері

11 aqpan
1147

Ресей – Беларусь матчынан кейінгі бас бапкерлердің пікірлері

Ресей мен Беларусь құрамаларының бас бапкерлері «Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» аясындағы екінші матчқа қатысты пікір білдірді. Бұл ойында 4:2 есебімен ресейлік хоккейшілер жеңіске жетті.
Ресей құрамасының бас бапкері Олег Браташ:
- Екінші кезеңде біздің жастар бірінші кезеңді 2:0 есебімен аяқтасақ, демек әрі қарай өзі-ақ жеңіске жеткізеді деп ойласа керек. Абырой болғанда, дер кезінде жинақталып, бірінші кезеңдегі айналымдарды қосты, сөйтіп әрі қарай бәрі өз орнына келді.
- Турнирдің соңғы матчындағы Қазақстан құрамасымен матчтан не күтесіз?
- Мәселе мынада. Ресейдің олимпиадалық құрамасының жас жігіттері үшін кез келген халықаралық ойын өте пайдалы және ертеңгі матчтың да жайы сондай. Оның үстіне, турнирдегі шешуші матч. Бұл екі есе тиімді, сондықтан жігіттердің өздерін ертеңгі матчта қалай көрсететінін бақылау қызық болмақ.
Беларусь құрамасының бас бапкері Михаил Захаров:
- Күрделі матч. Ресейдің олимпиадалық құрамасындағы хоккейшілердің деңгейі жоғары демес едім. Алайда жігіттер жақсы сырғанады. Қоян-қолтық, мықты ойнады. Бізді тықсырумен болды. Өкінішке орай, олардың хоккейшілері ҚХЛ-да өнер көрсетеді, ал бізде ондай екі-ақ ойыншы бар. Қалғандары сегіздік белгіленіп қойған, қарбаласы жоқ белоруссиялық чемпионатта ойнайды. Ешкім одан жоғары көтерілмейді, не төмен түспейді. Бұл жақсы емес. Тартыс жоқ, даму жоқ. Сондықтан жігіттерге тығырыққа тіреліп ойнайтын, әрбір матчқа дайындалатын серпінділік жетіспейді.
13 ақпан күні Қазақстан мен Ресейдің арасында турнирдің қорытынды матчы өтеді және турнир жеңімпазы анықталады.