​Қазақстан құрамасы – «Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open» жеңімпазы!

12 aqpan
1291

​Қазақстан құрамасы – «Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open» жеңімпазы!

«Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open» турнирінің шешуші матчында Қазақстан құрамасы Ресейге қарсы ойында жеңіске жетті. Матчта есепті Никита Михайлис ашты. Екінші кезеңде қонақтар есеп теңестіріп, Илья Морозов гол салды. Есеп 53-ші минутқа дейін сақталып, Никита Михайлис дубль жасады. Осылайша, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Матчтың үздік ойыншысы ретінде Қазақстан құрамасы ішінен шабуылшы Никита Михайлис, Ресей құрамасынан голкипер Максим Третьяк танылды.
1:0 – 13:15 – Михайлис (Старченко, Волк)
1:1 – 25:10 – Морозов (Шашков, Бикмуллин)
2:1 – 52:37 – Михайлис (Диц) ГБ
Қақпашылар: Шутов – Третьяк