​«Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open» турнирінің үздік ойыншыларының пікірлері

12 aqpan
1643

​«Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open» турнирінің үздік ойыншыларының пікірлері

Қазақстан құрамасынан бірден екі ойыншы: шабуылшы – Кирилл Панюков пен голкипер Андрей Шутов үздік атанды.

Біздің команданың 22-ші нөмірлі ойыншысы Беларуське қарсы ойында дубль жасады.
«Өз елің, өз Отаның үшін ойнау керемет қой, - деп пікір білдірді Кирилл Панюков.
- Саған үміт артып, сенім білдіргені жүрекке жылу ұялатады. Оның үстіне, турнирді жеңдік. Меніңше, ойын жолдастық па басқа ма – айырмасы жоқ. Ресей құрамасы – айтарлықтай мығым команда, барлық ойыншылар ҚХЛ-дан, жылдам, ұтқыр. Жеңгенімізге қуаныштымыз. Бәрі намысты жанып, үлкен ерік-жігермен шықты. Құрамаға шақырғанда кеудеңді қуаныш кернейді».
Шутов шешуші кездесуде қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.
«Бастапқыда қатты қобалжыдым – дейді құраманың голкипері. – Команда көмектесті, бірінші кезеңде қорғаныста ойнап, көмектесті. Әрі қарай бәрі өз ретімен болды. Аз құраммен біреуін кездейсоқ қағып алдым да, ойын өрге қарай жүрді.
Үздік қорғаушы – Ресей құрамасынан Илья Морозов.
«Жеңіліп қалғанымыз өкінішті, алайда бүгін олардың жолы болды – деп санайды Морозов. – Жаман ойнаған жоқ, соңына дейін тартысты. Гол салынғанша тартыстық, қай сәтте ойын барысы өзгергенін білмеймін. Олар салды, ал біз сала алмадық. Бар болғаны осы. Қарсылас – шабуылдаушы, жақсы команда. Шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойнайды. «Барыс» секілді жақсы қимылдайды.