​Ресей құрамасы Қазақстан 2 құрамасын овертаймда жеңді

13 aqpan

​Ресей құрамасы Қазақстан 2 құрамасын овертаймда жеңді

«Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open» көрнекі матчында Ресей және Қазақстан 2 құрамасы кездесті. Есепті Игорь Руденков ашып, ресейлік хоккейшілер алға шықты. Екінші кезеңде Батырлан Муратов гол салып, жігіттер есеп теңестірді. Жеті минуттан кейін Никита Шашков аз құраммен шайба салды. Қарсылас тағы да алға кетті. Үшінші кезеңде Саян Данияр есепті 2:2 етті. Ойын овертаймға ауысып, Василий Глотов жекпе-жектің нүктесін қойды. Жеңіс Ресей құрамасына тиесілі.

Қазақстан құрамасынан үздік ойыншы Саян Данияр, Ресей құрамасынан форвард Никита Шашков болды.
Ресей – Қазақстан 2 – 3:2 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 1:0)
1:0 – 14:18 – Руденков (Гуслистов, Брынцев)
1:1 – 36:10 – Муратов (Петухов, Шестаков)
2:1 – 43:54 – Шашков (Семёнов, Хайруллин) ГМ
2:2 – 56:39 – Данияр Сн. (Бельгибаев) ГБ
3:2 – 61:55 – Глотов (Бикмуллин, Морозов)
Қақпашылар: Аликин – Крамарь