PARIMATCH Eurasia Jastar Cup матчтарының көрсетілімі

1 aqpan
396

​Қазақстанда алғаш рет «PARIMATCH Eurasia Jastar Cup» халықаралық жастар турнирі өтеді. Матчтар Астанадағы «Барыс Аренада» 4 және 7 ақпан аралығында өтеді.

Кубок үшін 18 жасқа дейінгі Қазақстан және Беларусь құрамалары, 16 жасқа дейінгі Ресей құрамасы таласады. Сонымен қатар есептен тыс Ресей қыздар құрамасы өнер көрсетеді. Турнирдің барлық матчтарын тікелей эфирде Insport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ Youtube-тен көруге болады.

Турнир бойынша бүкіл ақпарат: құрамдар, турнир кестесі, нәтижелер, жаңалықтар мен басқасы сайтта https://qho.ligasy.kz/ сілтемесі бойынша қолжетімді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры