«Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» турниріне қатысатын Қазақстан құрамаларының бапкерлері тағайындалды

5 aqpan
732

Юрий Михайлис пен Александр Высоцкий алдағы «Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» турниріне қатысатын құрамаларға жетекшілік етеді.

Қазақстан хоккей федерациясы атқарушы комитетінің кезекті отырысында алдағы «Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» турниріне қатысатын Қазақстан құрамаларының бас бапкерлері белгіленді.

Осылайша, негізгі ұлттық құраманың бас бапкері болып Юрий Михайлис, екінші құраманың бас бапкері болып Александр Высоцкий тағайындалды. Құрама командалардың бас менеджері Александр Корешков болды. Атқарушы комитеттің отырысы сырттай өткізілді.