Владимир Корчагин: «Қыздар мықты»

5 aqpan
1464

​Ресей қыздар құрамасына қарсы матчта Қазақстан жасөспірімдер құрамасының форварды Владимир Корчагин дубль жасап көзге түсті. Сонымен қоса, қарсыласты соққаны үшін ойыншы аластатылды. Шабуылшы болған жайт туралы ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтып берді.

- Қыздар белсенді ойнап бастады, біз оларды бірден жүгіреді деп ойламадық, көп соққылар жасады. Біз өзімізді бірінші кезеңде де, екінші, үшінші кезеңде де онша көрсетпедік. Ойын жалпы жүрмеді бізде, қыздар мықты.

- Сіз қыздарға қарсы бірінші рет ойнап тұрған жоқсыз. Қыздар хоккейінің ережелерін ұстану қаншалықты қиын? Кейде ұмытып кеттіңіз бе?

- Жоқ, ұмытпаймыз, тек корпуспен түйісіп қалудан, қыздарды құлатып алудан қорқасың.

- Ендеше Александр Вафинаны неге аяқтан құлаттыңыз?

- Ол бұрылып қалды да, мен оған барып тидім. Өзім де бұлай болады деп күтпедім. Алдымнан жылдам шыға келді. Кешірім сұрадым.

- Кешірді ме?

- Кешірген сияқты.

- Алда Ресейге қарсы 3х3 матчтар, ол матчтар туралы не ойлайсыз?

- Сырғанауларды жаттықтырып, физикалық, моралдық тұрғыдан дайындаламыз, жеңеміз деп ойлаймын.