Александра Вафина: «Мұндай ойындар біздің өсуімізге, ілгерілеуімізге қажет».

5 aqpan
1292

​Ресей қыздар құрамасы «Parimatch Eurasia Jastar Cup» екінші матчын Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қарсы өткізді. Қонақтар құрамында Қазақстанның тумасы – Александра Вафина өнер көрсетеді. Форвард өткен матчқа қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында пікір білдірді.

- Матч айтарлықтай күрделі болды, жігіттер конькиді, шайбаны жақсы меңгерген, бапкерлеріміз айтқандай бастысы қорғанысқа мән бердік. Біз шабуылдап, жігіттердің қателіктерін көрсеткен сәттер болды, алайда олар соншалықты көп емес, бастысы қорғанысқа мән бердік, бұл біз үшін үлкен тәжірибе, жоғары жылдамдықты ойын әрдайым біздің өсуімізге, ілгерілеуімізге қажет. Ойын форматында жасалуы тиіс жұмыс біздің өсуіміз үшін өте қажет.

- Бүгін қарсыластың ойыншысымен соқтығыс болды. Біз онымен сөйлестік, қалайша мұндай жайт орын алды?

- Мен артқа қарап, шайбаның қайда кеткенін көрмек болдым, сол кезде ойыншының жақындап қалғанын көрмей қалдым. Кездейсоқ жайт бұл. Мен оны еш кінәламаймын, себебі өзім бас көтермедім, ал ол екі минут айып алды. Біз үшін артық құрам жақсы. Киімімізге рақмет, бәрін қорғады.

- Сіз қазір Ресейде ойнап жүрсіз. Алайда Алматыда дүниеге келіп, Өскеменде хоккеймен айналыстыңыз. Қазақстанға келіп ойнау ұнайтын шығар?

- Әрине, туған жерге келгеніме қуаныштымын. Астананың қалай дамып жатқанын көріп қуанам. Өте әсем қала. Көпшіліктің осында келіп ойнап, «Барыстың» жаңа тарихына куә екеніне қуаныштымын. Тек сәттілік тілеймін.