Қазақстан құрамасы турнирдің Беларусьқа қарсы бірінші матчында жеңіске жетті
«PariMatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» турнирінің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Беларусь командасын 5:2 есебімен жеңіп кетті.
Ойынның алғашқы 6 минутында-ақ Беларусь хоккейшілері екі рет ойыннан аластатылды, алайда есеп алаңға бесінші ойыншы шыққаннан кейін ашылды. Егор Петухов Қазақстан құрамасының алғашқы голының авторы атанды. Бірнеше секундтан кейін Павел Акользин Дмитрий Шевченко берген пасты іске асырды. Екінші кезеңде Кирилл Панюков пен Алихан Әсетов үстемдікті арттырып, есепті 0:4-ке жеткізді. Соңғы жиырма минутта белоруссиялық хоккейшілер ойынды өз қолдарына алып, Иван Дроздов пен Евгений Ногачевтің қатысуымен екі шайба салды. Көп ұзамай, Кирилл Панюков екінші голын салып, есепті 2:5 етті.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис өткен матчқа қатысты пікір білдірді:
- Жақсы ойын, жақсы қозғалыс, соққы көп болды. Жігіттер шабуылда да, қорғаныста та жақсы ойнады. Қарсылас жағында да жақсы ойнады, алайда үстемдік біздің тараптан болып, қарсыласты жаңылыстырдық. Және оңтайлы сәттер ұтымды пайдаланылды. Қақпашы Никита Бояркин де аса сенімді әрі мығым ойнады. Барлығын жеңіспен құттықтаймын.
Беларусь – Қазақстан 2:5 (0:2, 0:2, 2:1)
0:1 – 08:11 Петухов (Шестаков)
0:2 - 08:29 Акользин (Шевченко)
0:3 - 29:48 Панюков (Асетов, Данияр)
0:4 - 38:13 Асетов (Гурков, Панюков)
1:4 - 46:59 Дроздов (Ковыршин, Стенфанович)
2:4 - 47:12 Ногачев (Лопачук, Крыскин)
2:5 - 47:43 Панюков (Гурков, Асетов)