​Қазақстан құрамасы көрнекі матчта жеңіске жетті

12 aqpan
2686

​Қазақстан құрамасы көрнекі матчта жеңіске жетті

Бүгін көрнекі матч аясында Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездесті. Бірінші кезеңде есепті қонақтар ашып, Никита Крыскин гол салды. Көп ұзамай, қазақстандық хоккейшілер есеп теңестірді. Гурин мен Данияр пас беріп, Александр Пелевин шайба салды. Екінші кезеңде есеп өзгермеді, қос команда бойынша 7 ойыншы аластатылды. Ойынның үшінші кезеңінде қонақтар Станислав Лопачуктің арқасында тағы да алға шықты. Алайда негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Владислав Никулин есеп теңестірді. Овертаймда біздің хоккейшілер үстемдік орнатты. Матчтың нүктесін Нұрсұлтан Белгібаев қойды. Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан үздік ойыншы ретінде шешуші голдың авторы Нұрсұлтан Белгібаев танылды. Беларусь құрамасынан капитан Антон Андреев үздік атанды.

Қазақстан-2 – Беларусь 3:2 ОТ (1:1, 0:0, 1:1, 1:0)
0:1 – 04:55 – Крыскин (Парфеевец, Дрозд)
1:1 – 07:35 – Пелевин (Данияр Сн., Гурин)
1:2 – 48:43 – Лопачук (Антонов, Паре) ГБ
2:2 – 57:44 – Никулин (Волгин, Александров)
3:2 – 63:44 – Белгібаев (Пелевин)
Қақпашылар: Каратаев – Тэйлор